shape
shape

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

  • Кафедраның аға оқытушысы Г. Н. Асановаға 2023 жылғы 20 наурыздағы №378 бұйрыққа сәйкес "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шешімімен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі куәлік №0002017 Қазақстан Республикасының биология ғылымдарының кандидаты атағы берілді.
  • Кафедраның магистр-оқытушысы Б. А. Омарова 2018 жылы м.ғ.д.,профессор М. А. Булешовтың жетекшілігімен философия докторы (PhD) диссертациясын қорғаған. Тақырыбы: «Балалардың денсаулық жағдайының қазіргі тенденциялары және оларды өңірлік деңгейде шешу жолдары (Оңтүстік Қазақстан облысы)».
  • Саржанов Ф. Н. Түркия Мемлекетінің Жоғары білім Кеңесінің 2020 жылғы 6 тамыздағы шешімімен «Медициналық микробиология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)  атағы берілді.
  • Түрік мемлекеттер ұйымы Университеттер одағына қарасты Орхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында кафедраның PhD, аға оқытушысы Омарова Балнұр Әділбекқызы, Түркия мемлекетінің Эге университетінде болып, университеттің Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының, Паразитология бөлімінің,еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және осы университет қызметкерлерінің құқықтары бөлімінің жұмысымен танысып, тәжірибе жинақтап, серіктестік қарым-қатынас орнатты.
  • Кафедра ОПҚ-ның белсенділігімен оқу құралы, оқу-әдістемелік құралдар басылып шықты, үздіксіз біліктілік жетілдіру үшін әдістемелік семинарлар, дөңгелек столдар ұйымдастырылады. 
  • 2023 оқу жылында 8D10111-«Қоғамдық денсаулық сақтау»білім беру бағдарламасы бойынша кафедраның магистр-оқытушысы У. С. Шайхаттарова докторантураға түсті.

 Ғылыми жобалар: 

  • Кафедраның ПОҚ көптеген жарияланымдардың авторлары болып табылады, соның ішінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған Scopus, Elsevier, Thomson Reuters, Web of Science дерекқорларына енгізілген ғылыми журналдарда жарияланымдар бар.
  • 2012-2014 жылдар аралығында м.ғ.д., профессор И. С. Молдалиев «Ауыр металдардың тұздарымен уақытша интоксикация жағдайында бруцеллездің этиопатогенетикалық терапиясының иммунодиагностикасын және сараланған тәсілдерін әзірлеу» тақырыбы бойынша ғылыми гранттық жобаның жетекшісі.
  • 2024-2026 жылдар аралығында м.ғ.к., доцент А.Е. Ошибаева «Оңтүстік Қазақстан өңірін тұрақты дамыту үшін инновациялық технологияларды әзірлеу және заманауи инфрақұрылым құру» тақырыбы бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылатын мега жобаның жетекшісі.
  • 01.01-30.08.2025 ж. PhD, доцент м.а. Ф.Н. Саржанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаржыландырылатын шағын жобаларының «Түркістан облысындағы жас балалар арасында ішек паразитарлық инфекцияларының таралуын және қауіп факторларын бағалау» тақырыбы бойынша ғылыми гранттық жобаның жетекшісі. 
  • Ph.D, аға оқытушы Б.Ә. Омарова, PhD, доцент м.а. Ф.Н. Саржанов  «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері, Америка Құрама Штаттарының Сан-Диегодағы Калифорния университетінде «Қоғамдық, экологиялық және кәсіби денсаулық сақтау» және «Микробиология» ғылыми бағыттары бойынша 1 жыл ғылыми тағылымдамадан өтті.  
  • 2025-2026 оқу жылында 8D10111-«Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша  кафедраның 2 магистр оқытушысы Л.К. Назарова және А.М. Шойбек докторантураға түсті. 
  • 21.03-24.09.2026 ж. аралығында магистр оқытушы А.М. Шойбек «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Америка Құрама Штаттарының Сан-Диегодағы Калифорния университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.