Хабарландырулар

shape
shape

Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

  • Басты бет
  • Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

Білім беру мақсаттары

Білім беру бағдарламасы 8D10111-«Қоғамдық денсаулық сақтау»: Халықаралық бәсекелестік талаптарына сәйкес келетін білім беру процесін үйлестіруге бағытталған ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметті ұйымдастыру және жүргізу дағдыларына ие, қазіргі заманғы медицина саласындағы кәсіби құзыреттіліктері бар денсаулық сақтау саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы 8D10110-«Медицина»: Халықаралық бәсекеге қабілетті талаптарға сәйкес келетін білім беру процесін үйлестіруге бағытталған ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметті ұйымдастыру және жүргізу дағдылары бар заманауи медицина саласындағы кәсіби құзыреттіліктері бар медицина саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы 7М10144-«Қоғамдық денсаулық сақтау»: Қоғамдық денсаулық сақтау саласында заманауи технологиялар мен зерттеу әдістерін қолдана отырып, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге денсаулық сақтаудың ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау.

Білім беру бағдарламасы 7М10131-«Медицина»: Денсаулық сақтау саласындағы заманауи технологиялар мен зерттеу әдістерін қолдана отырып, ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге денсаулық сақтаудың ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау.

Білім беру бағдарламасы 6В10155-«Жалпы медицина»: Жалпы халыққа, жеке адамдарға және кейбір отбасыларға жоғары мамандандырылған үздіксіз медициналық көмек көрсете алатын, денсаулық сақтау саласындағы білімді, тәжірибе мен инновацияны игере алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы 6В10188 - «Медицина»: Денсаулық сақтау саласындағы білімді, тәжірибені және ғылыми  жаңалықтарды меңгере отырып,  жалпы халыққа алғашқы және  жоғары мамандандырылған үздіксіз  медициналық көмекті  көрсете білетін, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Білім беру бағдарламасы 6В10197 - «Медициналық- профилактикалық іс»:Cанитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүзеге асыру бойынша кәсіби құзыреттерге ие гигиена және эпидемиология саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.