Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

№13 Ә. Науаи атындағы мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді

Медицина факультеті Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасының доценті Э.Н. Оспанованың бастауымен тәлімгерлік топпен бірігіп Түркістан қаласындағы №13 Ә. Науаи атындағы мектеп-гимназиясында кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларына медицина саласының бағыттары, оның ішінде «Медицина» және «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары туралы терең әрі жан-жақты ақпарат беру, болашақ мамандық таңдауда оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар көрсету.

Доцент Э.Н. Оспанова медицина саласының қоғамдағы маңыздылығын, денсаулық сақтаудағы заманауи үрдістерді және болашақ дәрігер мен профилактикалық мамандардың жауапкершілігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, оқушыларға оқу бағдарламасының құрылымы, клиникалық тәжірибе кезеңдері, ғылыми зерттеуге қатысу мүмкіндіктері және университеттегі студенттік өмір жөнінде ақпарат берілді.

Тәлімгерлік топ мүшелері өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, медициналық білім алудың ерекшеліктері, кәсіби дағдыларды қалыптастыру жолдары және мотивацияның маңызы туралы айтып, талапкерлерге қолдау көрсетті.

Кездесу соңында оқушылар мамандарға түрлі сұрақтар қойып, толық әрі мазмұнды жауаптар алды. Бұл кәсіби бағдар беру іс-шарасы оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауға ынталандырып, медицина саласына деген қызығушылықтарын арттыра түсті.