1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Медицина факультеті. Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
Осы күн аясында факультетімізде жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында арнайы ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС тақырыбы кеңінен талқыланып, оның қоғам мен жеке адам өміріне әсері туралы маңызды мәліметтер берілді.
Шараның негізгі бағыты – студенттердің дерт туралы нақты әрі дұрыс ақпарат алуына жағдай жасау, қауіпті әрі қауіпсіз мінез-құлықтың айырмашылығын көрсету, алдын алу шараларының маңызын түсіндіру болды.
АИТВ – адам ағзасының қорғаныш қабілетін зақымдайтын вирус, ал ЖИТС – осы вирустың ұзақ уақыт әсер етуінің нәтижесінде пайда болатын ауыр жағдай. Сондықтан өз денсаулығына немқұрайлы қарамау, дер кезінде тексеруден өту және қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды.
Кездесу барысында инфекцияның таралу жолдары, қоғамдағы қате түсініктер, ерте анықтаудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат айтылып, қатысушыларға пайдалы кеңестер берілді.
Ақпарат – қорғаныс.
Жауапкершілік – қауіпсіздік.
Өмір таңдауы – өз қолыңда.
Емтихан кестесі
Хабарландыру 