PhD диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Медицина факультеті Ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Сарвинсо Исламовнаны философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды!
Бұл маңызды ғылыми жетістік – қажырлы еңбектің, жүйелі ғылыми ізденістің, кәсіби біліктілік пен мақсатқа деген табандылықтың нәтижесі. Сонымен қатар, бұл факультетіміздің ғылыми әлеуетінің артуы мен академиялық дамуының жарқын көрінісі.
Осы айтулы жетістікке орай Медицина факультетінің деканы Гүлназ Оразбековна Нускабаеваны да ерекше құттықтаймыз! Ғылыми кадрларды даярлау, зерттеушілерді қолдау және медицина ғылымын дамыту жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра берсін!
Құрметті Сарвинсо Исламовна! Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, ғылыми ізденістеріңізге табыс және кәсіби қызметіңізге жаңа жетістіктер тілейміз.
Медицина факультетінің ұжымы Сіздердің ғылыми жетістіктеріңізді мақтан тұтады!
Диссертациялық жұмысты алдын-ала қорғау
«Жұптасқан жүректер – түлектер!» фестиваліне шақырамыз
8D101-Денсаулық сақтау даярлау бағыты бойынша алдын ала іріктеу кезеңіне құжат қабылдау.
Хабарландыру 