Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Халықаралық академиялық байланыстарды дамыту

13–27 қазан аралығында Орхун бағдарламасы аясында кафедрамыздың магистр-оқытушысы Шойбек Азамат Маратұлы Түркия Республикасы, Артвин қаласы, Артвин Чорух университетінің Денсаулық ғылымдары факультетінде академиялық ұтқырлық тәжірибесінен өтті. Сапар барысында Эпидемиология, Биостатистика және Қоғамдық денсаулық сақтау пәндері бойынша дәрістерге қатысып, теориялық және тәжірибелік сабақтар жүргізді. Факультеттің оқу үдерісімен, ғылыми бағыттарымен және зертханалық инфрақұрылымымен танысу, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құраммен және студенттермен академиялық пікір алмасу халықаралық білім кеңістігіндегі интеграцияны нығайтуға мүмкіндік берді. Іс-сапар барысында бірлескен ғылыми жобалар мен білім беру бастамаларын дамыту мәселелері талқыланып, болашақ ынтымақтастық бағыттары айқындалды. Бұл тәжірибе халықаралық академиялық ұтқырлықты қолдауға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге үлес қосты.