shape
shape

Миссия және Стратегиялық мұраты

Миссия

Миссия: отандық және Халықаралық талаптарға сай  келетін бәсекеге қабілетті медициналық кадрларды даярлау; Денсаулық сақтау саласында құзыретті мамандарды тәрбиелеу.

Біздің мақсатымыз

Заманауи медициналық білімді, клиникалық дағдыларды және ғылыми жетістіктерді меңгерген, кәсіби және этикалық құндылықтарды ұстанатын, халыққа сапалы медициналық көмек көрсете алатын бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау мамандарын даярлау.

Негізгі міндеттеріміз

  • білім алушыларға іргелі және клиникалық пәндер бойынша сапалы білім беру;
  • теориялық білім мен практикалық дағдылардың сабақтастығын қамтамасыз ету;
  • медициналық зерттеулер жүргізуге және студенттік ғылымды дамытуға жағдай жасау;
  • медициналық этика, кәсіби жауапкершілік және академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру;
  • клиникалық базалармен, ғылыми ұйымдармен және білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты дамыту;
  • медициналық білім беру сапасын үздіксіз жетілдіру.