Тарих және жалпы ақпарат

«Профилактикалық медицина» кафедрасы 2013-2014 оқу жылында ашылған. Ашылған күннен бастап 2024 жылдың қыркүйек айына дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы Қуандыкова Айнаш Кенесбаевна басқарды.
2024-2025 оқу жылында Медицина факультетінде құрылымдық өзгеріске байланысты кафедра атауы «Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер» кафедрасы болып өзертілді. Кафедра меңгерушісі ретінде PhD, аға оқытушы Омарова Балнұр Әділбекқызы тағайындалды.
Омарова Балнұр Әділбекқызының Болашақ бағдарламасы бойынша шетелге тағылымдамаға кетуіне байланысты 2025 жылы наурыз айының 3 жұлдызынан кафедра меңгерушісі міндетін атқарушы болып Куандыкова Раушан Кенесбековна тағайындылды.
2025-2026 оқу жылында «Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер» кафедрасында 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 2 PhD, 1 аға оқытушы, 6 магистр-оқытушы қызмет етеді.
Хабарландыру 