shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

«Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасы Түркістан университеті 1991 жылы құрылғанда «Қалыпты және топографиялық анатомия мен опереативтік хирургия» кафедрасы болып ашылған. Кафедраның бірінші меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Б.Ш.Түсіпбекова тағайындалған. Кафедрада оқытушы-профессорлар құрамында м.ғ.к., доцент Э.Р.Сакимбаев, Алматы медицина институтынан келіп профессор А.Р. Рақышев дәріс берген. Кейінгі жылдары кафедра құрамына гистология пәні кірді. 1997-1998 жылында кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Э.Р. Сакимбаев тағайындалған.

2001-2002 оқу жылында кафедра «Адам морфологиясы» деп аталып, кафедра меңгерушісі м.ғ.к, доцент С.А. Ажаев тағайындалды. 2003-2004 оқу жылында кафедра құрамына жалпы және әлеуметтік гигиена пәндері қосылды. Бұл кезде кафедраны м.ғ.д., профессорБ.К. Керімбеков басқарды. 2004-2005 оқу жылынан бастап кафедра құрамына қалыптыфизиология, медициналық биология және генетика пәндері қосылып, 28.10.2004 ж. Сенат мәжілісінің №1 шешімімен кафедра «Адам анатомиясы және физиологиясы» деп аталды.

Кафедраны білікті профессор-оқытушы құрамы басқарды: м.ғ.к., доцент Қ.М. Хасенова, м.ғ.д., профессор С. Н. Жумашов., м.ғ.к., доцент Б.Қ. Жүнісов,м.ғ.к., доцент.м.а Б.С.Бегалиев, б.ғ.д., профессор м.а. К.К.Байтурсинов, PhD C.А.Туктибаева, м.ғ.к., доцент М.И.Омаралиев.

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап PhD М.Б. Жунисова кафедра меңгерушісі болып тағайындалды.

Бүгінде кафедрада 1 м.ғ.д., профессор, 2 м.ғ.к., доцент, 3 б.ғ.к., доцент, 2 PhD,  4 аға оқытушы және 5 магистр оқытушы дәріс береді.