Білімгер
2013 жылы тамыз айының 25 жұлдызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми Кеңес шешімі негізінде медицина факультетінің құрамында «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасы ашылды, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д.. профессор Ғ.М.Елікбаев тағайындалды. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 31 тамызына дейін м.ғ.к. Гульназ Оразбековна Нускабаева кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Бұл аралықтарда кафедра көптеген жетістіктерге жетті. Әсіресе ғылым бағытына көп көңіл бөлінді. Кафедраның 3 докторанты қорғап, PhD ғылыми атағын алды, нәтижесінде ғылыми дәрежелік жоғарылады. Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) Web of Science Core Collection компаниясының ақпараттық базасында және Scopus базасында индекстелетін ғылыми журналдарда бірнеше мақалалар жарияланды.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісі болып PhD, аға оқытушы Садыкова Карлыгаш Жарылкасыновна тағайындалды. 2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған «ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру» бағдарламасы аясында AP19676909 «10 жылдық проспективті зерттеуде метаболикалық синдромы бар науқастардың тамақтану ерекшеліктерін, өмір салтын және комплаенттіліктің генетикалық аспектілерін зерттеу» атты ғылыми жоба орындалуда. Осы жоба аясында 3 докторант ғылыми жұмысын жасауда.
Кафедраның негізгі мақсаты — денсаулық сақтау саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті маман дардаярлау, медициналық клиникалық білім беру пәндерінің кешені және медицина қызметі саласындағы теориялық білімін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
Білім беру бағдарламасы
Білімгер
Жұмыспен қамтылған
ОПҚ
Ахмет Ясауи Университеті