shape
shape

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

2018-2019 жылдары Кафедраның аға оқытушылары Г.Т.Ильясова, А.А.Туреханова, А.М.Жолдыбаева «Ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі» бойынша тренелер болып табылады және Қазақстан бойынша медициналық көмек берудің емханалық қызметі бойынша басшыларға, орынбасарларына, педиатрлар, ЖДТ дәрігерлері, фельдшер, мейірбике, әлеуметтік сектор жетекшілеріне арналған оқыту семинарлары мен шеберлік сабақтарын өткізді. 

2018-2019 жылдары наурыз айында  кафедра аға оқытушысы Ильясова Г.Т.   Түркия елінің Гази университетінде студенттер мен оқытушылар арасында өзара тәжірибе бағдарламасымен дәріс берген.

2020 жылы наурыз айында кафедрадан оқытушысы Ә.А. Романова  "Неонатология"мамандығы бойынша Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің МГМУ-дағы ФГБОУ дәріс алып келді

2021-2022 жылдары қараша айында  А.А.Туреханова Балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясы мамандығы бойынша «Ауруханаға дейінгі медициналық көмек көрсету (BLS, ACLS, PALS, PHTLS)» циклы бойынша АҚШ, Алабама штаты, Хантсвилл қаласында тренерлік оқу-жаттығу курсын сәтті аяқтап, қазіргі таңда кафедрада дәріс беруде.        

2022-2023 жылдың қазан-қараша айында кафедра аға оқытушысы Г.Т. Ильяслва Түркия елінің Гази  университетінде студенттер мен оқытушылар арасында өзара тәжірибе алмасу Мевлана бағдарламасы бойынша дәріс берген.

2022-2023 жылдың сәуір айында кафедрада меңігерішісі м.ғ.к., Г.Т. Асилбекова және Г.Т. Ильясова Ташкенттік Мемлекеттік Стоматология Институтына дәріс тәжіребе алмасу бойынша дәріс оқыды.

Ғылыми жобалар: 

Кафедраның ОПҚ-ы сапалы дәрігерлер дайындаумен қатар тәжірибелік денсаулық саласында көрсетіп келе жатқан жәрдемі үлкен. Кафедраның ОПҚ-ы жыл сайын Қазақстанның, Түркияның және шетелдердің Халықаралық және Республикалық инновациялық ғылыми оқыту, қайта даярлау орталықтарында, дипломнан кейінгі білім беру институттарында кәсіби және университеттің үздіксіз білім беру институтында педагогикалық біліктіліктерін жетілдіріп, клиникалық оқу базаларында тәжірибелерін ендіріп келеді сонымен қатар қала мен облыс пациенттеріне тұрақты мамандандырылған консультативтік көмек көрсетеді.

Кафедра ОПҚ-ы көптеген жарияланымдардың авторлары болып табылады, соның ішінде Scopus, Elsevier, Thomson Reuters, Web of Science деректер базасына енгізілген, ҚР БжҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын ғылыми журналдарға бірнеше рет мақалаларын жариялады.

Заманауи, тиімділігі жоғары жабдықтар, емдеудің жаңа бағдарламаларын пайдалану бакалаврларды жоғары деңгейде оқытуға мүмкіндік береді.

Оқытушылардың әр студентпен жеке жұмысы, клиникалық-теориялық конференциялар, тақырыптық және клиникалық тексерулер, компьютерлік оқыту алған білімдерін бекітеді.

Кафедраның ғылыми бағыты – Түркістан аймағындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы зат алмасу бұзылыстары және оның клиникалық-генетикалық көріністері.

Педиатрия кафедрасының клиникалық базалары Түркістан қалалық балалар ауруханасы, Түркістан қалалық орталық ауруханасы, Түркістан қалалық емхана, Кентау қалалық орталық ауруханасы, «Ақмарал» емханасы болып табылады.

ОПҚ марапаттары, алғыс хаттары (негізгі мәлімет, сертификат фотосы) 

Кафедрадан м.ғ.к., Г.Т. Асилбекова 2018 жылы маусым айында «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.  2020 жылы  қараша айында аға оқытушысы А.А. Туреханова «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды. 2022 жылы мамыр айында м.ғ.к., аға оқытушы А.Т.Сандыбаев «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.