shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ TEZTAP ҚАЗАҚША КУИЗ ӨТТІ

Университетімізде Жастар орталығының ұйымдастыруымен “TezTap” қазақша куизі өтті. Ерекше тимбилдинг ұжымның бірлігін нығайтуға, логикалық ойлау қабілетін дамытуға және қазақ тілінде білімін тереңдетуге бағытталды. Куиз университетіміздің кітапханасында өтті. 

Ойынға әр факультеттен бір команда және ректорлық құрамасы қатысты. Куиз төрт кезеңнен тұрды. Әр кезеңде логикалық сұрақтар, Түркістан тарихы, танымал тұлғалар, қазақ музыкасы, хандар тарихы тақырыптары қамтылды. Әр деңгейде алты сұрақ қойылды. Әр кезең соңында жауап парақтары жиналып, ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды. 

Ойын нәтижесі бойынша:

«Ректорат» командасы І орын;

«Жаратылыстану ғылымдары факультеті» командасы ІІ орын;

«Спорт және өнер факультеті» командасы  ІІІ орын алды.

Тартысты өткен ойын жалғасын тапсын деушілер көп болды. Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға символикалық сыйлықтар мен дипломдар табысталды. 

Бұл шара қазақ тілін дамыту, командалық рухты нығайтуға зор үлес қосты.