shape
shape

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

Кафедра ашылғаннан бері  2 докторлық, 9 кандидаттық, 7 магистрлік диссертациялар қорғалды.  Қазіргі кезде практикалық тәжірибелері мол, ғылым және денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер оқу, тәрбие, ғылыми және емдеу жұмыстарын атқарып келеді. Оқытушы-профессор құрамы дәріс және тәжірибелік сабақтарда құзыреттілік бағытында тиімді оқыту және бағалау әдістерін қолдану арқылы оқытудың соңғы нәтижелерін жоспарлайды және қол жеткізеді, білім алушылардың пәнге және мамандыққа қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда кафедраның ОПҚ-ы құзыреттілік бағыты шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқыту (экспозиторлы, эксплораторлы және интервениялық) және бағалау (білімді, дағдыны және қарым-қатынас/іс-әрекетті) әдістерін оқу үдерісінде қолданып келеді.

Оқытылатын пәндерден оқу-әдістемелік кешендер, сонымен қатар аралық бақылау, емтихан сұрақтары, тесттері кафедра мәжілісінде талқыланып, сапасы тексеріліп, ұдайы жаңартылып отырады. Кафедрада болашақ дәрігерлердің қолшеберлігін жетілдірумен қатар, науқастарды физикалды зерттеуге, ішкі аурулардың диагнозын анықтауда этиопатогенездік ерекшеліктерін және диагнозды ажырата білуде ой-өрістерін дамытып, қалыптастыру мақсатында теориялық және тәжірибелік дәрістерде инновациялық жаңаша оқыту және бағалау әдістері қолданылады. Кафедраның қызметкерлері еліміздегі және ТМД елдеріндегі ғылыми-зерттеу конференцияларына қатысып, баяндамалар жасап, тәжірибе алмасып отырады.

Кафедра ОПҚ-ның белсенділігімен оқу құралы, оқу-әдістемелік құралдар басылып шықты, үздіксіз біліктілік жетілдіру үшін әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.