Хабарландырулар

shape
shape

Жетістіктер

Симуляциялық орталықтың жетістіктері

Симуляциялық орталықтың даму және кәсіби жетістіктері

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Симуляциялық орталығы медициналық білім берудің практикалық бағытын жетілдіру, симуляциялық оқыту технологияларын дамыту және білім алушылардың клиникалық дағдыларын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Материалдық-техникалық базаны жаңғырту

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Симуляциялық орталықтың материалдық-техникалық базасын жаңғырту және оқу үдерісін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.

Оқу аудиториялары мен симуляциялық станциялардың инфрақұрылымы жаңартылып, жаңа жиһаздар, компьютерлік техника, моноблоктар, теледидарлар, LED экрандар, бейнекамералар, микрофондар және құлаққаптар орнатылды.

Білім алушылар мен оқытушыларға арналған виртуалды қабылдау бөлмелері жетілдіріліп, оқу ортасының қолайлылығын арттыру мақсатында кондиционерлер орнатылды.

Сонымен қатар, орталықты заманауи симуляторлар, манекендер, муляждар, фантомдар, медициналық жабдықтар, аспаптар және медициналық шығын материалдарымен толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Халықаралық және отандық тәжірибе алмасу

Симуляциялық оқытудың озық тәжірибесін зерделеу және орталық қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту мақсатында Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның жетекші медициналық білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылды.

Тәжірибе алмасу жұмыстары төмендегі симуляциялық орталықтар базасында жүргізілді:

Acıbadem University — Стамбул;

Ankara University — Анкара;

Lokman Hekim University — Анкара;

Tashkent State Medical University — Ташкент;

Astana Medical University — Астана;

Karaganda Medical University — Қарағанды.

Зерделенген тәжірибелер Симуляциялық орталықтың оқу инфрақұрылымын, симуляциялық станцияларын және білім беру үдерісін жетілдіру барысында пайдаланылуда.

Гранттық ғылыми-зерттеу жобасына қатысу

2023–2025 жылдары орталық басшысы Е.Н. Тулежанов АР19678584 «Ерте диагноз қою мақсатында несептас ауруына тән метаболиттердің спектрі мен пайыздық үлесін анықтау» атты гранттық ғылыми-зерттеу жобасының орындаушысы болды.

Жоба Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында жүзеге асырылып, тиісті жылдарға арналған күнтізбелік жоспарлар толық орындалды.

Ғылыми жарияланымдар

Симуляциялық орталық басшысы Е.Н. Тулежановтың ғылыми-зерттеу жұмыстары халықаралық және отандық ғылыми басылымдарда жарияланды.

Сонымен қатар, 2.3.1 3 квартиль (процентиль 49–25%) деңгейіндегі білім алушылармен бірлескен авторлықта ғылыми жарияланымдар әзірленіп, зерттеу нәтижелерін ғылыми ортада тарату бағытында жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

 

Ғылыми еңбектің атауы

 

Баспа немесе қол жазба құқығында

Баспа, журнал (атауы, №, жылы, беттері), авторлық

куәліктің, патенттің 

 

 

Көлемі (б.т.)

 

Қосымша авторлардың аты- жөні

1

2

3

4

5

6

1.

Türküstan vilayәtindә 2014-2023-cü illәr üzrә sidik daşi xәstәliyinә görә hospitalizasiya hallari https://www.scopus.com/pages/pu blications/105035605036?origin= resultslist

Баспа

Azerbaijan Medical journal

АТJ, 2026,№1,

146-152

0,4

Zh.Zh.Nakipova¹, K.K.Karimbayev², N.S.Nurdinov², E.Zh.Konakbayev², Zh.M.Ashirbayeva², A.E.Oshibayeva², E.N.Tulezhanov², N.O.Nakisbekov³,

D.N.Ustimirov³, I.Dursun4

3.2 ҚР БжҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын тізімі бойынша ғылыми журналдардағы жарияланымдар (Ахмет Ясауи университеті атауы көрсетілген жағдайда, білім алушымен соавторлықта

 

 

 

 

Ғылыми еңбектің атауы

Баспа немесе қол жазба құқығында

Баспа, журнал (атауы, №, жылы, беттері), авторлық

куәліктің, патенттің 

 

Көлемі (б.т.)

 

Қосымша авторлардың аты- жөні

1

2

3

4

5

6

1.

Сравнительное исследование уровня сывороточного кальция, кальция в суточной моче и индекса массы телау пациентов с мочекаменной болезнью и их ближайщих родственников https://medical-

journal.kz/index.php/mua/article/ view/912

 

 

 

Баспа

 

 

Astana Medical Journal,

2025, 125 (4),

amj0017

 

 

 

0,6

Каримбаев К.К.1,

Аширбаева Ж.М.2,

Накипова Ж.Ж. 3,

Тулежанов Е.Н. 4,

Жаналиева М.К. 5, Жарилкасимов Р.Н.6, Алшынбаев М.К.7, Накысбеков Н.О. 8,

Устемиров Д.Н. 9

4.4 Алыс, Жақын шетел және Отандық басылымдардағы (ресми тіркелген басылымдар) жарияланымдар (жарияланған еңбек 5 беттен кем емес) / Білім алушылармен соавторлықта

 

 

 

 

Ғылыми еңбектің атауы

Баспа немесе қол жазба құқығында

Баспа, журнал (атауы, №, жылы, беттері), авторлық

куәліктің, патенттің 

 

Көлемі (б.т.)

 

Қосымша авторлардың аты- жөні

1

2

3

4

5

6

1.

Improvement of early diagnostics and conservative treatment of echinococcal disease

 

Баспа

Periódico Tchê Química. ISSN 2179-0302. (2025);

vol.22 (n°51)

 

0,7

Shora Seidinov

Erbol Tulezhanov Murat Zhunisov Ibadulla Turmetov

Maira Seisenbayeva

4.5.1 Отандық: Халықаралық, республикалық конференция, конгресс баяндамалары (жарияланған жинақтағы негізінде, мақаланың толық мәтіні), шекті мәні 

 

 

Ғылыми еңбектің атауы

Отандық: Халықаралық, республикалық конференция, конгресс

Баяндамашының / авторлардың

аты- жөні

1

2

3

4

1.

Therapeuticefficacyofendolymphaticdru  gtherapyinthe treatmentofperitonitis

Nationalacademyofscientificandinnovati  veresearch «science andeducation:moderntime» (ISSUE 20,

2026)

ISSN 3005-4729 / e-ISSN 3005-4737

AshurmetovAhmadjon Askarov TohirAskarovich Jafarov Khasan Mirzakhidovich Zhunusov Murat

Saginaliyevich Tulezhanov Yerbol

Nurillayevich

 

Халықаралық ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысу

2026 жылғы 16–17 сәуірде Қарағанды қаласында өткен «Медицинадағы көпсалалы тәсілдер: клиникалық тәжірибе, ғылым және білім берудегі интеграция» халықаралық ғылыми-практикалық конгресіне және Медицинадағы симуляцияның Еуразиялық қоғамының І съезіне қатысу жүзеге асырылды.

Іс-шара барысында «Симуляциялық оқытудың медициналық білім алушылардың академиялық үлгеріміне әсері» тақырыбында баяндама жасалып, іс-шараға қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Білім алушылардың халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері

Симуляциялық орталық басшысы Е.Н. Тулежанов білім алушылардың халықаралық ғылыми-пәндік олимпиадаларға дайындығына жетекшілік етті.

2026 жылы Өзбекстан Республикасының Үргеніш қаласында өткен «Урганч-2030» III Халықаралық ғылыми олимпиадасында білім алушы Ейбов Ейб Камилович II орынға ие болды.

Кәсіби білім беру және мастер-кластар

2026 жылы хирургия және балалар хирургиясы бағыттарында практикалық білім мен кәсіби құзыреттерді жетілдіруге арналған 24 сағаттық мастер-кластарға қатысу және оларды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Негізгі тақырыптар:

«Балалар колопроктологиясы»;

«Кіші инвазивті хирургияның мүмкіндіктері және келешегі»;

«Кіші инвазивті балалар травматологиясының мүмкіндіктері және келешегі».

Клиникалық-практикалық қызмет

2026 жылы Кентау қалалық орталық ауруханасының базасында өткізілген патологоанатомиялық конференцияларға қатысып, клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың сәйкестігін, сондай-ақ көрсетілген медициналық көмектің клиникалық хаттамалар талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша рецензенттік жұмыс атқарылды.

Орталықтың жаңа даму кезеңі

Университет басшылығының қолдауымен Симуляциялық орталықты стационарлық деңгейде кеңейту және жаңғырту, сондай-ақ оның материалдық-техникалық базасын халықаралық талаптарға сәйкестендіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Даму тұжырымдамасында заманауи симуляциялық технологияларды енгізу, клиникалық жағдайларға барынша жақын оқу ортасын қалыптастыру, білім алушылардың практикалық даярлығын күшейту және дәрігерлер мен мейіргерлердің біліктілігін арттыруға арналған үздіксіз кәсіби білім беру бағыттарын дамыту көзделген.