СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
.png)
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медицина факультетіне қарасты Симуляциялық орталығы – медицина саласындағы білім алушылардың практикалық және клиникалық дағдыларын қалыптастыруға, жетілдіруге және бағалауға арналған заманауи оқу-тәжірибелік орталық.
Орталықтың негізгі мақсаты – теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастырып, білім алушылардың клиникалық ойлауын, кәсіби құзыреттерін, командалық жұмыс және шұғыл жағдайларда шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.
Симуляциялық оқыту барысында клиникалық жағдайлар арнайы манекендер, тренажерлер, робот-симуляторлар және медициналық жабдықтар көмегімен модельденеді. Бұл білім алушыларға медициналық манипуляцияларды қауіпсіз ортада бірнеше рет орындауға, өз қателерін талдауға және тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Орталықтың негізгі қызмет бағыттары
Симуляциялық орталық медициналық білім алушылардың кәсіби даярлығын практикалық тұрғыдан қамтамасыз ететін кең ауқымды оқу қызметін жүзеге асырады.
Орталықта:
- базалық медициналық практикалық дағдыларды қалыптастыру;
- пациентті алғашқы бағалау және физикалық тексеру;
- медициналық манипуляцияларды орындау;
- инъекциялық және катетеризациялық дағдыларды меңгеру;
- қан алу және басқа да клиникалық процедураларды пысықтау;
- жүрек-өкпе реанимациясын орындау;
- базалық және кеңейтілген өмірді қолдау алгоритмдерін меңгеру;
- тыныс жолдарын басқару;
- шұғыл медициналық жағдайларды модельдеу;
- хирургиялық практикалық дағдыларды қалыптастыру;
- лапароскопиялық дағдыларды дамыту;
- акушерлік және гинекологиялық жағдайларды модельдеу;
- педиатриялық және неонаталдық практикалық дағдыларды дамыту;
- мейіргерлік дағдыларды жетілдіру;
- аускультация және физикалық тексеру дағдыларын қалыптастыру;
- клиникалық ойлау және шешім қабылдау қабілетін дамыту;
- коммуникация және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады.
- Орталықта білім алушылардың практикалық дағдыларын объективті бағалауға бағытталған Объективті құрылымдық клиникалық емтихан (ОҚКЕ/OSCE) өткізуге жағдай жасалған
Заманауи оқу ортасы
Орталықтың материалдық-техникалық базасы әртүрлі клиникалық жағдайларды модельдеуге мүмкіндік беретін медициналық симуляторлармен, манекендермен, тренажерлермен және арнайы оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Олардың қатарында реанимациялық, педиатриялық, неонаталдық, акушерлік, мейіргерлік, аускультациялық және хирургиялық бағыттағы симуляциялық жабдықтар, сондай-ақ лапароскопиялық тренажерлер бар.
Симуляциялық орталықтың басты ұстанымы – қауіпсіз ортада сапалы практикалық оқыту арқылы кәсіби медицина маманын даярлау.
Симуляциялық орталықтың қызметін медициналық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық және ақпараттық-техникалық бағыттар бойынша жұмыс істейтін мамандар қамтамасыз етеді.
Орталық ұжымы
Симуляциялық орталықтың қызметін медициналық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және ақпараттық-техникалық бағыттар бойынша жұмыс істейтін мамандар қамтамасыз етеді.
Тулежанов Ербол Нуриллаевич - Симуляциялық орталық директоры, магистр, аға оқытушы, дәрігер-хирург.
Айтметова Тохташ Ибрагимовна - Материалдық-техникалық базаға жауапты маман. Мамандығы – «Мейіргер ісі».
Аханбаева Эльмира Болғанбайқызы - СМЖ құжаттарын әзірлеу және медициналық жабдықтауға жауапты маман. Мамандығы – «Емдеу ісі», «Педагогика және психология».
Еркенбек Арайлы Оңғарқызы - Орталық хатшысы және медициналық жабдықтауға жауапты маман. Мамандығы – «Емдеу ісі». Жақсылық Таңшолпан Нұрланқызы - Техник-бағдарламашы. Компьютерлік жүйелер, робот-симуляторлар және оператор-бағдарламашы қызметіне жауапты.
Орталық ұжымының бірлескен жұмысы оқу процесінің үздіксіз ұйымдастырылуын, симуляциялық жабдықтардың тиімді пайдаланылуын және білім алушыларға қолайлы практикалық оқыту ортасының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Сабақ кестесі