Хабарландырулар

shape
shape

Миссия және қағидаттар

Миссиямыз

Симуляциялық орталықтың миссиясы — медициналық білім алушылар мен медицина мамандарына клиникалық жағдайларға барынша жақын, қауіпсіз және заманауи симуляциялық орта қалыптастырып, практикалық дағдыларын, клиникалық ойлауын, кәсіби құзыреттерін және пациент қауіпсіздігіне бағытталған жауапкершілігін дамытуға жағдай жасау.

Орталықтың миссиясы бакалавриат білім алушыларын практикалық даярлаумен қатар, дәрігерлер мен мейіргерлердің біліктілігін арттыру және үздіксіз кәсіби білім беру бағыттарын дамытуға негізделеді.

Негізгі қағидаттарымыз

1. Қауіпсіздік.
Практикалық дағдыларды нақты пациентке қолданбас бұрын қауіпсіз симуляциялық ортада меңгеру және жетілдіру.

2. Клиникалық шынайылық.
Оқу жағдайларын нақты медициналық ұйымдардағы клиникалық ортаға барынша жақындатып ұйымдастыру.

3. Заманауи технологиялар.
Жоғары технологиялы симуляторларды, манекендерді, муляждарды, фантомдарды және медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану.

4. Практикаға бағдарлану.
Теориялық білімді практикалық дағдылармен ұштастырып, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.

5. Үздіксіз даму.
Білім алушылардың оқу деңгейіне сәйкес дағдыларды кезең-кезеңімен күрделендіру және медицина мамандарының кәсіби құзыреттерін тұрақты жетілдіру.

6. Объективті бағалау.
Практикалық дағдыларды заманауи әдістермен, соның ішінде ОҚКЕ (OSCE) арқылы әділ және объективті бағалау.

7. Командалық жұмыс.
Медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде коммуникация, өзара әрекеттесу және командалық шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

8. Озық тәжірибе.
Отандық және халықаралық симуляциялық орталықтардың озық тәжірибесін зерделеу және тиімді тәжірибелерді оқу үдерісіне енгізу.

9. Сапа және жауапкершілік.
Оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық және симуляциялық базаны үздіксіз жетілдіру арқылы білім беру сапасын арттыру.

Біздің ұстанымымыз

«Қауіпсіз ортада үйрену — клиникалық практикада сенімді әрекет ету.»

Симуляциялық орталықтың басты ұстанымы — әрбір білім алушы мен медицина маманына өз дағдысын қайталап орындауға, қатесін талдауға, тәжірибесін жетілдіруге және нақты клиникалық жағдайға сенімді дайындалуға мүмкіндік беру.