Симуляциялық клиника

«Симуляциялық орталықтың клиникасында» білім алушылар медицинаның түрлі бағыттары бойынша білімін, іскерлігін, дағдыларын жетілдіреді. Ол үшін профессор-оқытушы құрамы топпен немесе топтың өзі игерілетін дағдылар бойынша симуляциялық клиникаға келіп тіркеледі. Арнайы жабдықталған хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, жедел жәрдем, терапиялық, неврологиялық және т.с.с бөлмелерде пәніне сәйкес симуляциялық ойындар ойналады, тәжірибелік дағдылар игеріледі. Сонымен қатар, бұл клиникада білім алушылардың аралық, қорытынды білімі объективті құрылымдық клиникалық емтихан (ОҚКЕ) түрінде қабылданады.