Хабарландырулар

shape
shape

Симуляциялық орталық тынысы

СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ТЫНЫСЫ

Симуляциялық орталық тынысы — орталықта күнделікті жүзеге асырылатын оқу-әдістемелік, практикалық, ғылыми және кәсіби іс-шараларды көрсететін ақпараттық алаң.

Мұнда білім алушылардың практикалық дағдыларды меңгеру барысы, симуляциялық сабақтар, тәжірибелік жаттығулар, бағалау кезеңдері, мастер-кластар, тәжірибе алмасу кездесулері және орталықтың даму бағыттары туралы ақпараттар жарияланады.

Оқу үдерісі

Орталықта білім алушылар теориялық білімдерін симуляциялық ортада практикалық дағдылармен ұштастырады. Сабақтар клиникалық жағдайларға барынша жақындатылып, медициналық манекендер, симуляторлар, фантомдар және заманауи медициналық жабдықтар арқылы өткізіледі.

Білім алушылардың белсенділігі

Білім алушылар практикалық дағдыларын бірнеше рет қайталап орындау арқылы клиникалық шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіреді, командалық жұмыс дағдыларын дамытады және болашақ кәсіби қызметіне қажетті сенімділікті қалыптастырады.

Жалпы хирургия пәні бойынша тәжірибелік дағдыны үйрену үстінде

Жедел жәрдем пәнінен білімгерлер BLS орындауда

Ішкі аурулар пәні бойынша аускультация және ЭКГ жазбасын талдауд

Акушерия және гинекология пәні бойынша тәжірибелік дағдыны үйрену үстінде