Хабарландырулар

shape
shape

Симуляциялық орталық тарихы

СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ТАРИХЫ

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Симуляциялық орталығы өз тарихын 2011–2014 оқу жылынан бастайды. Алғашында «Практикалық орталық» ретінде құрылып, медицина білім алушыларының практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

2015–2016 оқу жылынан бастап орталық «Симуляциялық орталық» атауына ие болып, медициналық білім беруде симуляциялық оқыту технологияларын қолдану және дамыту бағытына көшті.

2013–2022 жылдары орталықты медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Рахымбердиев Данияр Сапарханұлы, 2023–2024 оқу жылында Әліпбекова Сандуғаш Нұрлыбекқызы басқарды.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Симуляциялық орталықтың директоры – қоғамдық денсаулық сақтау саласының менеджменті және педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы, дәрігер-хирург Тулежанов Ербол Нуриллаевич.

РАХЫМБЕРДИЕВ ДАНИЯР САПАРХАНҰЛЫ

 

медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

 

ӘЛІПБЕКОВА САНДУҒАШ НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ

 

магистр,  оқытушы

 

 

СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ

 

ТУЛЕЖАНОВ ЕРБОЛ НУРИЛЛАЕВИЧ

6М050700 – Менеджмент (Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент) жәнепедагогикалық ғылымдарының магистрі, аға-оқытушы. дәрігер хирург

2024 ЖЫЛДАН БАСТАЛҒАН ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІ

2024 жылдан бастап Симуляциялық орталықты кеңейту, жаңғырту және заманауи медициналық білім беру талаптарына сәйкестендіру бойынша жаңа даму кезеңі басталды.

Орталық директоры Тулежанов Ербол Нуриллаевичтің бастамасы және Медицина факультетінің деканы, м.ғ.к., профессоры Нускабаева Гүлназ Оразбекқызының алғашқы қолдауы негізінде орталықтың оқу кеңістігін клиникалық ортаға барынша жақындату, материалдық-техникалық базасын жаңарту және практикалық оқыту мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар қолға алынды.

Аталған бастамалар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызының, ректор өкілі Пейами Батталдың, Академиялық мәселелер вице-ректоры Идрисова Эльмира Қайсарбайқызының, Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Ошибаева Айнаш Есімбекқызының, Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглудың, Бас хатшы Эндер Сайынның қолдауымен жүзеге асырылуда.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Орталықты дамыту және озық тәжірибені енгізу мақсатында 2025 жылы Ташкент мемлекеттік медицина университетінің, Түркия Республикасының Стамбул қаласындағы Acıbadem University, Анкара тіс факультетінің және Лукман университетінің симуляциялық орталықтарының тәжірибесі зерделенді.

2026 жылы Қарағанды медицина университеті мен Астана медицина университетінің симуляциялық орталықтарында тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

Зерделенген тәжірибелер орталықтың жаңа құрылымын, оқу кеңістігін және материалдық-техникалық базасын қалыптастыру барысында ескерілуде.

 

ОРТАЛЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ

Университет басшылығының қолдауымен Симуляциялық орталықты екі қабатты заманауи оқу-симуляциялық кеңістік ретінде кеңейту жұмыстары қолға алынды.

Жаңа кеңістікті медициналық ұйымдардың клиникалық жағдайына барынша жақындату, заманауи медициналық жиһаздармен, симуляторлармен, муляждармен, фантомдармен, медициналық жабдықтармен, аспаптармен және медициналық шығын материалдарымен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде.

БОЛАШАҚ ДАМУ БАҒЫТЫ

Симуляциялық орталықтың қызметі тек бакалавриат білім алушыларын практикалық даярлаумен шектелмейді. Орталықты одан әрі дамыту аясында дәрігерлер мен мейіргерлердің біліктілігін арттыру және үздіксіз кәсіби білім беру бағытында симуляциялық оқыту мүмкіндіктерін кеңейту көзделуде.

Негізгі мақсат – студенттен бастап тәжірибелі медицина маманына дейінгі кәсіби дамуды қамтитын, клиникалық жағдайға барынша жақындатылған және заманауи технологиялармен жабдықталған кешенді симуляциялық білім беру орталығын қалыптастыру.