shape
shape

Жетістіктер

КАФЕДРАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Оқытушы-профессор құрамы дәріс және тәжірибелік сабақтарда құзыреттілік бағытында тиімді оқыту және бағалау әдістерін қолдану арқылы оқытудың соңғы нәтижелерін жоспарлайды және қол жеткізеді, білім алушылардың пәнге және мамандыққа қызығушылығын арттырады. Бүгінгі таңда кафедраның ОПҚ-ы құзыреттілік бағыты шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқыту және бағалау әдістерін оқу үдерісінде қолданып келеді.

2022-2023 оқу жылында ТIKA ұйымының қолдауымен жабдықталған Анатомиялық лаборатория залы ашылып, оқу-медициналық жабдықтар жиынтығы сатып алынды.  Университет басшылығы мен ТIKA ұйымының Қазақстандағы өкілі Хикмет Өзденоғлу қатысуымен  Анатомиялық лаборатория залы ашылды. 

Ғылыми дәрежелік – 47% құрайды. Профессор оқытушы құрамының жетекшілігімен студенттер Өзбекстан Республикасында өткен II Халықаралық медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында «Самарканд – 2020» пән олимпиадасында «Қалыпты физиология» пәнінен  3 дәрежелі дипломын; Бұқара қаласында өткен II Халықаралық «От учения Абу Али ибн Сино -  до Третьего ренессанса» атты пән олимпиадасында «Қалыпты физиология», «Гистология, цитология және эмбриология»пәндері бойынша 3 дәрежелі дипломдарын иеленді.