«Заң және тәртіп: академиялық ортадағы студент құқығы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Медицина факультеті. Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасы. «Заң және тәртіп »– академиялық мәдениеттің негізі. 20.11. 2025ж. күні кафедрамыздың тәлімгерлері 2 курс студенттерімен «Заң және тәртіп: академиялық ортадағы студент құқығы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Кездесу барысында студенттердің құқықтары, академиялық адалдық қағидалары, тәртіп нормалары және университетте қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың маңызы талқыланды.
Мұндай ашық және пайдалы әңгіме студенттерге өз құқықтарын білуге, жауапкершілікті сезінуге және академиялық мәдениетті сақтауға көмектеседі.
Болашақ мамандардың танымын кеңейтіп, дұрыс бағдар беру – біздің ортақ міндетіміз.
Хабарландыру
Хабарландыру 