Оқытушы Ташкентке іс-сапармен барды
17.11.25-28.11.25жж. аралығында Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина университетінің №2 Педиатрия кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ішкі аурулар кафедрасының оқытушылары Г.Т. Асилбекова, А.А. Туреханова және Г.Т. Ильясова тәжірибе алмасу іс сапарымен болды.
Сапар барысында оқытушылар оқу үдерісін ұйымдастыру, клиникалық пәндерді оқытудың заманауи әдістері, студенттердің практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ педиатрия саласындағы инновациялық тәсілдер бойынша өзара пікір алмасып, бірлескен ғылыми-практикалық талқылаулар жүргізді.
Бұл ынтымақтастық екі кафедра арасындағы байланыстарды нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге зор мүмкіндік берді. Ынтымақтастық жалғасып, ортақ жобалар саны арта береді деген сенімдеміз.
Емтихан кестесі
Хабарландыру 