Мәтіндерді талдау үлгілері
Өткізілген күні «22» 12 2025 ж. уақыты 11:00 –11:50
Қатысқандар: Бөлім басшысы: Л.Т.Алимбекова, аға оқытушы Г.Шукенова, оқытушы Д.Асанова
Қазақ тілі пәні оқытушысы У.Смагулова
Курсы: 0, Тобы: ҚБФ-1, семестрі: I
Қолданылған көрнекі құралдар:
1. Инновациялық және интерактивті әдістерді қолдануы
2.Экрандық техникалық және дыбыстық техникалық құралдар.
Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға мәтінді талдаудың үлгісін меңгерту, мәтіннің құрылымын анықтай білуге үйрету.
Мазмұны: «Мәтін деген не?» Мәтін — белгілі бір ойды білдіретін сөздер жинағы.
Мәтінді оқу — ақпаратты түсіну, автор идеясын табу.
МӘТІННІҢ ТҮРЛЕРІ: 1. Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? не болды? сұрақтарына жауап береді, оқиғаның сатыланып дамуы баяндалады. Әңгімелеу мәтінінің баяндауышы көбінесе жедел өткен шақта болады. Әңгімелеу мәтінінде оқиға, орын, уақыт, кейіпкерлер болады.
2. Сипаттау мәтіні бір затты не құбылысты сипаттайды және қандай? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда пейзаж сүреттеледі немесе портретке мінездеме беріледі. Мысалы, мәтінде таулар мен қыраттар, адамның көзінің көгергені, самайына түскен ақ шашы, биязы немесе қырсық мінезі, Астананың Бәйтерегі, Алматының алмасы, т.б. туралы айтылса, сипаттау мәтіні екенін оп-оңай табуға болады.
3. Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? неге? не себепті? деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда ойдың тезисі, дәлелі, қорытындысы жасалады. Пайымдау мәтінінде сондықтан, өйткені, себебі деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар жиі қолданылады.
Мәтінді талдау үлгісі (қадамдар) :
- Тақырыпты анықтау
- Идеяны анықтау
- Тұрмыс-әлеуметтік контекст
- Мәтін түрі мен стилі
- Құрылымы: кіріспе–негізгі –қорытынды
- Тілдік құралдар мен аргументтер
- Авторлық көзқарас
Қорытынды. Оқытушы және тыңдаушы арасындағы белсенді қарым-қатынастың, тиімді оқыту әдістерінің және нәтижелі бағалау тәсілдерінің үйлесімі болды. Сабақ соңында тыңдаушылар мәтінді талдау дағдыларын жетілдірді, білімге деген қызығушылықтары артты және өз оқу нәтижелері туралы рефлексия жасай білді.
«Электр энергиясын үнемдеудің жолдары»