Мемлекеттік рәміздер-елдіктің белгісі
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың өткізілген күні «20» 05 2026 ж. уақыты 09:00 –10:50
Қатысқандар:
Комиссия мүшелері:
Бөлім басшысы: Л.Т.Алимбекова
Аға оқытушы: Г.Шукенова
Оқытушылар: У.Смагулова
Оқытушы: С.Полатбекова
Курсы: 0, Тобы: ҚББ-1, ҚБФ-1 семестрі: IІ
Қазақстан тарихы пәні магистр-оқытушысы: Л.Алимбекова
Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер-елдіктің белгісі»
Мазмұны: Мазмұны: Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Жұмысты толықтыру үшін слайд көрсетіледі
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой - пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Ән ұран – өлеңге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
«Электр энергиясын үнемдеудің жолдары»