Қазақстан Республикасындағы көші-қон қызметінің бағыттарын түсіндіру жұмыстары.
Қатысушылар: Бөлім басшысытоп тәлімгерлері және Қазақстан Республикасының азаматтыры болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар
Күн тәртібінде:
Қазақстан Республикасындағы көші-қон қызметінің бағыттарын түсіндіру жұмыстары.
Мақсаты: Көші-қон – бұл тек адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы ғана емес, елдің әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуына тікелей әсер ететін күрделі құбылыс. Қазақстан үшін көші-қон саясаты - ұлттың бірлігі мен тұтастығын сақтау, халықтың тең дамуын қамтамасыз ету жолындағы стратегиялық бағыттардың бір екендігін түсіндіру.
Жиын барысы: Университеттің шетел азаматтарына Қазақстан Үкіметі көші-қон процесін жүйелі түрде жүргізу үшін «2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын» қабылдағанын айтып өтті. Бұл құжаттың басты мақсаты - ел ішінде еңбек ресурстарын тиімді бөлу, өңірлер арасындағы халықтың тең орналасуын қамтамасыз ету және қандастарды елге қайтару үдерісін жеңілдету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары халық саны аз өңірлерге бағытталған ішкі көші-қон саясатына ерекше көңіл бөлініп жатқаны айтылды. Осы мақсатта Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары көші-қонды қабылдаушы аймақтар ретінде белгіленгені және бұл өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылымдық жобалар қарқынды даму үстінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы түсіндірілді.
«Электр энергиясын үнемдеудің жолдары»