shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Жалпы пәндер бөлімі 2024-2025 оқу жылы Өкілетті кеңестің 78-мәжілісінің 9-шешіміне сәйкес Дайындық орталығында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар (ҚБ) мен Тілдік даярлық деңгейін арттыру бағытында (ҚГ) тыңдаушылардың білім сапасын нығайту мақсатында 2025 жылдың 01 сәуірінен бастап Дайындық орталығына қарасты «Жалпы пәндер» бөлімі ашылып, штат кестесі бекітіліп, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 45-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес «Ағылшын тілі» бөлімінен ауыстырылды. 

2025 жылдың  1 мамырынан «Жалпы пәндер» бөлімін магистр-оқытушы Л.Т.Алимбекова басқарып келеді. Бөлімнің негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар мен Тілдік даярлық деңгейін арттыру бағытында оқитын тыңдаушыларды Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде білім беріп Ұлттық біріңғай тестке (ҰБТ) дайындау 2025-2026 оқу жылында бөлім құрамында 4 аға оқытушы, 7 магистр оқытушы, 3 оқытушы және 1 аға лаборант қызмет атқарады.