Хабарландырулар

shape
shape

Қазақ, орыс тілдері

  • Дайындық орталығы

10k+

Білімгер

Қазақ, орыс тілдері

Біз туралы

Қазақ, орыс тілдері бөлімі туралы қысқаша ақпарат: 2025-2026 оқу жылында бөлім құрамында 1 доцент,  1 ғылым кандидаты, 9 аға оқытушы, 4 магистр оқытушы, 2 оқытушы және 1 аға лаборант қызмет атқарады. 2018-2019 оқу жылынан бастап Қазақ, орыс тілдері бөлімін п.ғ.к., аға оқытушы А.Мырзаханова басқарып келеді.

 

Негізгі мақсаты – түркі тілдес мемлекеттер мен туыстас қауымдастықтардан және Түркия Республикасынан келген тыңдаушыларға «қазақ тілін туыс тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде 3 деңгеймен (А1, А2, В1), Түркия Республикасынан келген тыңдаушылар үшін орыс тілі бойынша үш деңгеймен (А1-А2-В1) оқыту.  Тыңдаушылардың мәдениетаралық-коммуникативтік біліктілігін арттыру, коммуникативті құзіретін қалыптастыруда оқылым, сөйленім, жазылым, тыңдалым түрлерін қалыптастыру.

 

Оқыту ерекшеліктері:

   – қазақ тілін туыс тіл ретінде оқыту;

   – әр деңгейге (А1–А2-В1) арналған оқу бағдарламалары;

   – қазақ тілін түркі тілді сөйлермендерге оқытып-үйретуге арналған оқу-әдістемелік кешен

  • заманауи әдістемелер, коммуникативтік тәсілдер, интерактивті оқыту; 

 

Ұстанымдары мен құндылықтары  ынтымақтастық, тіл арқылы бауырластықты күшейту, мәдени көпір орнату.

 

4+

Білім беру бағдарламасы

191+

Білімгер

%

Жұмыспен қамтылған

17+

ОПҚ

img
img
img

Терең тарихтан жарқын болашаққа

Ахмет Ясауи Университеті