Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА» тақырыбында ұстаздар күні мерекесіне орай концерттік бағдарлама

Қазақ тілін туыс тіл ретінде оқытып-үйретумен қатар ата-ана мен ұстазға құрметпен қарау, қазақ тілін туыс тіл ретінде оқытып-үйрету бағыты аясында тыңдаушылардың сөздік қорын молайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шара концерт түрінде ұйымдастырылып, онда тыңдаушылар ұстаз еңбегіне арналған өлеңдер оқып, әндер айтып, сахналық көріністер көрсетті. Сондай-ақ, іс-шара барысында Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен достығы көрініс тапты.

Ашық тәрбие сағатының соңында қатысқан оқытушылар өз жылы лебіздерін білдіріп, тыңдаушылардың еңбегіне оң баға берді.