Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«ҰЛЫ ДАЛА ҮНІ – БАУЫРЛАСТАР ЖҮРЕГІНДЕ» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

????Бүгін Кентау кампусында Дайындық орталығы, Қазақ-орыс тілдері бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлы Дала үні – бауырластар жүрегінде» атты әдеби-сазды кеш өтті.

????Кеш барысында бір жыл бойы қазақ тілін үйренген тыңдаушылар өз білімдерін паш етті. Сахна төрінде қазақ тілінде ән шырқап, Абай мен Мағжан Жұмабаевтардың өлең шумақтарынан шашу шашты. Сондай-ақ, қазақ тарихындағы хандар мен билер жайлы қойылымдар қойды.

????Өнерлі жастар якут, әзербайжан халқының ұлттық билерін биледі. Қырғыз халқының әйгілі «Манас» жырын жырлады. Осылайша, тек қазақ халқының ғана емес, түбі бір түркі жұртының мәдениетін қазақ тілінде танытты.