shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Түрік тілі бөлімі Түркі тілдес мемлекеттер мен туыстас қауымдастықтан келген тыңдаушыларға түрік тілін үйретеді.
Қазіргі кездегі Түрік тілі бөлімі университеттің алғашқы жылдарында Тіл үйрету орталығының бөлімдерінің бірі болып табылатын. Сол оқу жылдарында бөліімді аға оқытушы Ержан Қуанышбаев басқарды. 

2006-2007 оқу жылында филология факультетінің «Түркология» кафедрасы құрамында, 2007-2010 оқу жылдары аралығында «Жаратылыстану және медицина институты» құрамында «Түркі тілдер» кафедрасының сервистік пәндерінің бірі болды. Кафедраны осы оқу жылдарында ф.ғ.к. Э.С.Адилбекова басқарды.

2010-2013 оқу жылдары аралығында Түрік тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін ф.ғ.к., доцент А.Байниязов атқарды.

2014-2015 оқу жылында 15 қыркүйектен бастап Дайындық, тіл үйрету орталығы Түрік тілі кафедрасы Кентау қаласына көшірілді. Кафедра меңгерушісі қызметіне магистр-оқытушы Ордуери Иляс болып бекітілді.

2015-2016 оқу жылында Дайындық, тіл үйрету орталығы Дайындық факультеті болып өзгерді.Кафедрамыздың меңгерушісі, әрі деканымыз доцент-доктор Халил Адыяман болып тағайындалды.

2016-2017 оқу жылында Кафедра меңгерушілігін түркиялық Ахмет Кыймаз атқарды.

2017-2018 оқу жылында түркиялық магистр-оқытушы Б.У.Атикол кафедра меңгерушілік қызметіне тағайындалды.

2018-2019 оқу жылында Түрік тілі кафедрасы меңгерушілігіне Кенан Семиз тағайындалды.

2019-2020 оқу жылында Кафедра меңгерушілігін түркиялық Б.У. Атикол атқарды.

2020-2022 оқу жылында Кафедра меңгерушілігін түркиялық Режеп Арал атқарды.

2022 жылдың маусым айынан бастап бөлім басшысы қызметін ф.ғ.к. Мустафа Неркиз атқарды.