shape
shape

Кіріспе

Біліктілікті арттыру орталығы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің біліктілікті арттыру орталығы Университет Жарғысы, Орталық туралы ереже негізінде әрекет етеді және Академиялық мәселелер вице-ректорына тікелей бағынады.

Орталықтың негізгі мақсаттары:

  • біліктілік шеңберінде кәсіби деңгейді жетілдіру және (немесе) кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа құзыреттілікті алу;
  • ОПҚ-ны білім берудің жаңартылған мазмұнын, құрылымын және инновациялық технологияларын оқу процесіне енгізуге даярлау;
  • университеттің бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру;
  • білім беру процесінің менеджментін жетілдіру болып табылады.

Орталықтың қызметі келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  • педагогикалық және кәсіби шеберлікті арттыру, кәсіби құзыреттілікті меңгеру;
  • ғылымның, прогрессивті техника мен технологияның заманауи жетістіктері негізінде теориялық және практикалық білімді тереңдету;
  • оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын жетілдіру ;
  • кәсіптік білім берудің инновациялық технологияларын тарату және игеру;
  • педагогикалық технологияларды жетілдіру және заманауи технологияларды енгізу;
  • педагог кадрлардың жетекші кәсіби шеберліктерін, кәсіби-жеке қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың ғылыми әлеуетін арттыру.

Негізгі бағыттары:

  • біліктілікті арттырудың перспективалық жоспарына сәйкес оқытушыларды ҚР орталық және жақын және алыс шетел ЖОО-на жіберу;
  • жоғары мектеп педагогикасының өзекті мәселелері, кредиттік оқыту технологиялары, компьютерлік технологиялар негіздері және т. б. бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ЖОО оқытушылары мен қызметкерлері үшін курстық іс-шаралар ұйымдастыру;
  • мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері, қала мен облыстың мұғалімдері мен мектеп қызметкерлері, орта-арнайы, кәсіптік білім беру басшылары, кәсіпкерлер үшін курстық іс-шаралар ұйымдастыру;
  • педагогикалық білімі жоқ, кәсіптік білімі бар азаматтарды қайта даярлау;
  • педагогикалық бейін бойынша білім беру бағдарламасын оқыту;
  • түлектердің қосымша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру.
  • мекемелер қызметкерлерінің сұраныстарына қарай курстар ұйымдастыру.


Біліктілікті арттыру орталығы оқытудың мынадай түрлерін пайдалана отырып бағдарламаларды іске асырады:

  • қысқа мерзімді курстар;
  • ұзақ мерзімді курстар
  • онлайн курстар;
  • тренингтер;
  • семинарлар;
  • вебинарлар;
  • дайындық курстары.

Біліктілікті арттыру курстары оффлайн, сондай-ақ қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Мекен жайы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов 29.
Орталықтың штаттық бірлігі:
Орталық директоры
Жоба менеджері-3
Маман