shape
shape

Міндеттеріміз

Департаменттің негізгі міндеттері

  • Ағымдағы және болашақтағы ғылыми және инновациялық қызметті жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Іргелі, қолданбалы және инновациялық зерттеулер, халықаралық бағдарламалар мен жобалар бойынша зерттеулер құжаттамасын үйлестіру, жүргізу және оларды жүзеге асыруға ықпал ету;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесін жинақтау, іргелі және қолданбалы ғылымның дамуының басым бағыттарын анықтауға қатысу;
  • Келген мақала қолжазбаларының ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (2016 жылғы 12 қаңтар, №20 бұйрық)  талаптарына және  «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде басылымдар қолжазбасын рәсімдеу Ережесіне» сәйкестігін қадағалау;
  • «Ясауи университетінің Хабаршысы», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары», «Түркология» журналдарының тұрақты жарыққа шығуын қамтамасыз ету;
  • Магистратура, докторантура білім алушыларының ғылыми-зерттеу  жұмыстарын кафедралармен бірге ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Докторанттардың және магистранттардың диссертациялық жұмыстарының орындалу деңгейін қадағалау;
  • Постдокторантура, профессор-зерттеуші, доцент зерттеуші және шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламаларын ұйымдастыру, қабылдау ережелерінің сақталуын бақылау;
  • Ғылыми мақаласы келіп түскен барлық қазақстандық және шетелдік ғалымдармен байланыс орнату.