ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
Семинар – Тұрақты даму мақсаттарының: «Индустрияландыру, инновациялар, инфрақұрылым», «Жауапты тұтыну және өндіріс», «Құрлық экожүйелерін сақтау», «Тұрақты даму үшін серіктестік» тақырыптары аясында жүргізілді.
Негізгі мақсат – қатысушыларға Тұрақты даму мақсаттары мен бағыттарын түсіндіру. Сондай-ақ, факультет қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарын және ғылыми еңбектерін «Тұрақты даму мақсаттарына» байланыстыра отырып жазу, кілт сөздерді қолдануды көрсету.
Іс-шарада қатысушылар ғылыми жұмыстар мен ғылыми еңбек жазу барысында Тұрақты даму мақсаттарының жоғарыда аталған бағыттарымен жұмыс істеуді үйренді. Қызметкерлерге әр тақырыптың өзектілігі мен маңызы туралы ақпараттар берілді. Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.