Миссия
Біздің миссиямыз – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми әлеуетін арттыру, заманауи жобалық басқару жүйесін енгізу арқылы ғылыми-инновациялық дамуды үйлестіру және нәтижеге бағытталған тиімді басқару мәдениетін қалыптастыру.
Біз университеттің ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін зерттеушілерге жан-жақты қолдау көрсетеміз, ғылыми жобалардың сапасы мен нәтижелілігін арттыруға, халықаралық бәсекеге қабілетті ғылыми орта қалыптастыруға атсалысамыз.