Ғылыми басылымдар бөлімі алғаш 1993 жылы Редакциялық-баспа бөлімі болып ашылды. Бөлімнің басты мақсаты университет оқытушы-профессорларының ғылыми еңбектерін (оқулық, оқу-әдістемелік құрал, монография), ғылыми-теориялық конференциялардың жинақтарын жарыққа шығару болатын.
Бөлім қызметкерлері 1995 жылы «Ясауи университеті» газетінің алғашқы сандарын жарыққа шығарса, ал 1996 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ясауи университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы үздіксіз жарияланып келеді. Журнал әр жылдарда әр түрлі бағыт бойынша ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК-нің тізбесіне енгізілді.
2003 жылдың қараша айында университетте жаңа баспахананың құрал-жабдықтары іске қосылып, бөлім Баспа редакциясы болып қайта құрылды. Сол жылдардан бастап оқу орнының оқытушы-профессорларының ғылыми еңбектері, ғылыми-теориялық конференция материалдары, сутденттер мен магистранттардың жыл сайынғы дәстүрлі «Жас ғалым» жинағы және басқа да кітаптарды өндіріске жіберу Баспа редакциясының негізгі жұмысы болып табылды.
Университет Сенатының шешімімен көбейтілетін басылымдарды, университеттің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру, сондай-ақ университет ғылымын дамыту мақсатында оқу процесіне аса қажетті деп танылған басылымдарды яғни, арнайы комиссияның іріктеуінен өткен университет оқытушы-профессорлар құрамының монографиясын, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарын және басқа да кітаптарды редакциялық өңдеуден өткізіп, университеттің «Тұран» баспаханасына көбейтуге жіберіп отырады.
Университеттің құрылымдық өзгерістеріне байланысты бөлім атауы бірнеше рет өзгертілді: «Баспа редакциясы», «ХҚТУ хабаршысы» журналы редакциясы, «Ғылыми басылымдар офисі».
2020 жылдан бастап «Ғылыми басылымдар бөлімі» болып аталды. Ғылыми басылымдар бөлімінің негізгі мақсатының бірі университетте шығатын ғылыми басылымдардың жұмысына жалпылама бағыт беріп, оның ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК-нің соңғы талаптарына сәйкес ұйымдастырылуын қадағалау болып табылады.
Ғылыми басылымдар бөлімінің басшысы – Садыкова А.Д., редактор-менеджер – Ахметова Ж.А., редактор-менеджер – Тоқтасын А., техникалық редактор – Әбілдаева Г.Е, техникалық редактор – Жұмаділлаева Г.
Университеттен шығарылатын ғылыми басылымдардың («Ясауи университетінің Хабаршысы», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары» (математика, физика, информатика сериясы), «Түркология» журналы, «Eurasian Research Journal» журналы және «Жас ғалым» студенттер мен магистранттар конференциясы жинағы және т.б.) ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің талаптарына және «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде басылымдар қолжазбасын рәсімдеу Ережесіне» сәйкестігін қамтамасыз ету және халықаралық стандарттар мен халықаралық ғылымометриялық деректер базасының талаптарына сәйкес ғылыми басылымдардың сапасын арттыру.
Университет Сенатының шешімімен университет баспаханасынан шығатын басылымдарды (оқулық, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал, монография, «Жас ғалым» конференция жинағы, т.б.) сапалы шығуын қамтамасыз ету.
Университеттен шығарылатын ғылыми басылымдардың («Ясауи университетінің Хабаршысы», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Хабарлары», «Түркология» журналы, «Eurasian Research Journal» журналы және «Жас ғалым» студенттер мен магистранттар конференциясы жинағы және т.б.), университетте ОПҚ мен қызметкерлерінің оқу басылымдарының сапасын арттыруға құзыретті.
Ғылыми басылымдар бөлімінің негізгі міндеттері: