«Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау» бөлімі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылым департаментіне қарасты құрылымдық бөлімі болып табылады.
«Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау» бөлімінің басты мақсаты – университеттің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалану, оның ішінде магистрант және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, жас ғалымдар, зерттеуші ғалымдар мен шетелдік ғалымдарды тарту бойынша әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру.
Бөлім Университеттің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалана отырып магистрант және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіреді. Сондай-ақ постдокторантура, доцент-зерттеуші және профессор-зерттеуші бағдарламаларының жұмыстарын қадағалайды.
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі өз қызметін іске асыру барысында келесі негіз қалаушы нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нұсқасы жаңа редакцияда), Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы №407-IV «Ғылым туралы» Заңы (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген нұсқасы жаңа редакцияда), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілері, университет тарапынан бекітілген нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі тікелей Ғылым департаменті директоры мен Ғылым және стратегиялық даму вице-ректорына бағынады.
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімін бөлім басшысы басқарады және ол бөлімінің тиісті жұмыстарының нәтижелері үшін жауапты болып табылады.
Магистранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстары бойынша ұйымдастырылған ғылыми семинарларға қатысу, ұйымдастыру және қадағалау;