Бүгінгі таңда экономикалық өсудің келеңсіз салдары, экономиканың экожүйеге сәйкес келмеуі сондай-ақ, көбінесе адам әсерінен туындаған әлемнің әлеуетін әлсірететін экономикалық және экологиялық проблемалар назар аударатын және алаңдатарлық мәселелер ретінде қарастырылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының анықтамасы бойынша тұрақты даму қазіргі және болашақ ұрпақтардың құқықтарымен мүдделерін ескере отырып, ресурстарды пайдалану принциптерін бұзбай экономикалық дамуды қамтамасызету процестерін қамтиды.Университеттердің көзқарастары - өзінің өмір сүріп жатқан қоғамын өзгерту мен дамытуды түсіну шеңберінде қалыптасады. Бұлесепте Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қолжеткізуге университетіміздің қазіргі академиялық үлесін анықтайтын бір жылдық нәтижелері көрсетілген. Ол сондай-ақ ТДМ-ның күнделікті университет өміріне одан әрі дамытуға бағытталған іс-шараларын көрсетеді
Университеттің стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа менеджменті орталығы – бұл Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Даму бағдарламасының, бағыттар бойынша іс-әрекеттер жоспарларының орындалуын әзірлеуге және мониторингтеуге, сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұстауға және рейтингтік көрсеткіштерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшесі.
Стратегиялық жоспарлау: Орталық университеттің ұзақ мерзімді мақсаттарын, басымдықтары мен стратегиялық даму бағыттарын айқындай отырып, оның Даму бағдарламасын әзірлейді. Мұнда университеттің қазіргі жағдайы талданады, негізгі қиындықтар мен мүмкіндіктерді анықталады, оларды жеңу және жүзеге асыру стратегияларын әзірленеді.
Рейтингтік қызмет: Орталық университеттің QS World University Rankings, Times Higher Education, QS EECA University Rankings және т.с.с. халықаралық және ұлттық рейтингтерге қатысуын қоса алғанда, рейтингтік көрсеткіштерді талдаумен және бағалаумен айналысады. Ол сондай-ақ университеттің рейтингтік жағдайының көрсеткіштерін жақсарту стратегияларын әзірлейді. Сондай-ақ Орталық қызметкерлердің ішкі рейтингтік бағалау жүйесіне жауап береді.
Сапа менеджменті жүйесі: Орталық университеттің сапа мәдениетін бағалаумен және басқарумен, сондай-ақ университет процестерінің сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды енгізумен айналысады.
Сараптау және есеп беру: Орталық статистикалық ақпаратты, бағалау және сауалнама нәтижелерін, сондай-ақ рейтингтік көрсеткіштер туралы деректерді қоса алғанда, университет қызметі туралы деректерді жинау, талдау және түсіндіру бойынша сараптамалық жұмыс жүргізеді. Ол сондай-ақ алынған нәтижелерге сүйене отырып, университет әкімшілігіне есептер мен ұсыныстар дайындайды.
Жобалық қызмет: Орталық білім беру сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға, зерттеу базасын дамытуға және т. б. байланысты университетті модернизациялау және дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруға қатыса алады.
Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа менеджменті орталығы университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда және оның ұзақ мерзімді перспективада табысты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Орталықтың миссиясы – университет стратегиясын сапалы жүзеге асыру.
Орталық қызметінің мақсаты - ҚР СТ ISO 9001-2016 талаптарына сәйкес университеттің сапа менеджменті жүйесін жұмыс күйінде ұстау және университет процестерін сапалы іске асыруға жәрдемдесу.