Ахмет Ясауи университеті
Құрылымдық бөлімдер
Біздің қызметіміздің басты бағыттары:
Ғылыми жобаларды жобалық басқару қағидаттары негізінде үйлестіру және тиімділігін арттыру;
Ғылым мен білімнің өзара сабақтастығын нығайту және жас ғалымдардың әлеуетін дамыту;
Ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды жетілдіру және цифрландыруды кеңінен енгізу;
Университеттің ғылыми-инновациялық көрсеткіштерін арттыру және халықаралық ғылыми беделін күшейту.
Біздің қызметтеріміз
Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсе – университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді жобалық басқару орталығы.
Біздің қызметтер ғылыми жобаларды толық цикл бойынша сүйемелдеуді, зерттеулерді үйлестіруді және нәтижелерді тиімді басқаруды қамтиды.
Біздің негізгі қызметтеріміз:
Жобалық басқару және үйлестіру
Жобалық идеяларды дамыту және гранттық өтінімдерге қолдау көрсету
Ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту
Ғылым мен білімді интеграциялау
Ғылыми мәліметтер базасын қалыптастыру және цифрландыру
Халықаралық және ұлттық деңгейдегі ғылыми көрсеткіштерді арттыру
Әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау
Ғылымды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің негізгі міндеттері:
Миссия
Біздің миссиямыз – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми әлеуетін арттыру, заманауи жобалық басқару жүйесін енгізу арқылы ғылыми-инновациялық дамуды үйлестіру және нәтижеге бағытталған тиімді басқару мәдениетін қалыптастыру.
Біз университеттің ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін зерттеушілерге жан-жақты қолдау көрсетеміз, ғылыми жобалардың сапасы мен нәтижелілігін арттыруға, халықаралық бәсекеге қабілетті ғылыми орта қалыптастыруға атсалысамыз.