“AI Skills Program” бағдарламасы бойынша топтық практикалық оқыту курстары басталды.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Цифрлық офицердің бастамасымен жасанды интеллект құралдарын тиімді әрі дұрыс пайдалануға бағытталған AI Skills Program практикалық білім беру бағдарламасы іске қосылды.
Елімізде Мемлекет басшысы жариялаған 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында университетте “AI Skills Program” бағдарламасы бойынша топтық практикалық оқыту курстары басталды.
Аталған бағдарлама университеттің Цифрлық офицері Абылайхан Тастанбековтің бастамасымен және Коммерцияландыру офисінің үйлестіруімен жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – ОПҚ және әкімшілік қызметкерлердің жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде, ғылыми-зерттеу қызметінде және басқару саласында тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Осы бағдарлама аясында бүгін оқытушы-профессорлар құрамына арналған алғашқы практикалық оқыту курсы өткізілетін болады.
Бағдарлама шеңберінде қатысушыларға арналған практикалық курстар ұйымдастырылып, заманауи AI шешімдерін қолданудың озық тәсілдері ұсынылады. Коммерцияландыру офисі жобаны іске асыру барысында әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, университеттің цифрлық трансформация үдерісіне белсенді үлес қосуда.
Алдағы уақытта “AI Skills Program” бағдарламасы жоспардағы кестеге сәйкес жалғасатын болады.
HORIZON EUROPE: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАНТТАР ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ИННОВАЦИЯЛАР
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА ОРТА, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
HackAlem AI
Yasawi Startup IX-ағым
Авторлық және сабақтас құқықтарды, тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштер мен тауар шығарылған жердің атауларын құқықтық қорғау
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) V Жазғы мектебі 2026 жылғы
Digital Law Hackathon 2026 Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтетін республикалық хакатон!
“AI Skills Program” бағдарламасы бойынша топтық практикалық оқыту курстары басталды.
YASAWI STARTUP | БИЗНЕС-ИНКУБАТОР
Қазақстандағы ең, үлкен кітап көрме-жәрмеңкесі Түркістанда! TURKISTAN EURASIAN BOOK FAIR - 2025
Онлайн-семинар: "академиялық-индустриялық әріптестікті дамыту: Назарбаев Университетінің тәжірибесі"
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!