shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

СТАРТАП ЭКОЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҚҰҚЫҚ ПЕН ЭТИКА ҮЙЛЕСІМІ

Бүгін университетіміздің Филология факультетінде “Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау” тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттер мен оқытушыларға жасанды интеллект технологияларының стартаптардағы қолдану аясы, олардың заманауи қоғамдағы маңызы мен құқықтық реттеу тетіктері туралы тың ақпарат беру, сонымен қатар осы бағыттағы кәсіби көзқарасты қалыптастыру болды.

Семинар спикерлері – Тастанбеков Абылайхан мен Оразбаева Орынкүл ханым өз салаларындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдары, авторлық құқықты сақтау, деректерді қорғау және инновациялық идеяларды заң жүзінде рәсімдеу мәселелеріне тоқталды. Спикерлердің мазмұнды баяндамалары тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Осындай мазмұнды іс-шаралар студенттер мен мамандардың кәсіби және зерттеу қабілеттерін арттырып, жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға серпін беретіні сөзсіз.