shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Қазақстан — академиялық білім беру аумағы» стратегиялык серіктестер форумы аясында ұйымдастырылған AI-Sana Ceremony іс-шарасында «Қоғам игілігі үшін: жылдың әлеуметтік бастамасы»

Астана қаласында өткен «Қазақстан — академиялық білім беру аумағы» стратегиялык серіктестер форумы аясында ұйымдастырылған AI-Sana Ceremony іс-шарасында «Қоғам игілігі үшін: жылдың әлеуметтік бастамасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Al-Jan жобасының авторлары ректорымыз Темірбекова Жанар ханым мен ректор өкілі Нажи Генч мырзаның қолынан арнайы марапатқа ие болды.
Жас дарын иелері — идеяның негізгі авторлары Мухитдинов Отабек пен Ыбрайым Нұржайна өздерінің белсенділігі, жауапкершілігі мен қоғам игілігі жолындағы еңбектері үшін жоғары баға алды.
Бұл марапат жастарға жаңа белестерді бағындыруға зор шабыт пен жігер сыйлайды деп сенеміз!
Al-Jan жобасы — қоғамға оң әсер етуді мақсат тұтқан әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын көрінісі. ????✨