TURKISTAN EURASIAN BOOK FAIR 2025
Қазақстандағы ең ауқымды кітап көрме-жәрмеңкелерінің бірі — TURKISTAN EURASIAN BOOK FAIR – 2025 Түркістан қаласында сәтті өтті. Аталған халықаралық кітап көрмесі 26–28 қараша күндері Конгресс-холл ғимаратында ұйымдастырылып, кітапсүйер қауымды бір алаңға тоғыстырды.
Іс-шара барысында Халықаралық қазақ-түрік университеті баспасынан жарық көрген, отандық және шетелдік ғалымдардың бірегей еңбектері көпшілікке ұсынылды. Көрме қонақтары мыңдаған кітапты баспа бағасымен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Кітап жәрмеңкесі аясында арнайы акциялар, сыйлықтар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылып, танымал авторлармен кездесулер мен автограф-сессиялар өткізілді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін мазмұнды әрі қызықты мәдени-танымдық бағдарлама ұсынылды.
Аталған халықаралық кітап көрмесі оқырмандарға рухани азық сыйлап, кітап мәдениетін насихаттауға және білім алмасуға зор үлес қосты.
«Инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландыру» онлайн-воркшопы
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!
«Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы үлгілерді құқықтық қорғауды реттейтін заңнамалық негіздер»тақырыбында өтетін іс-шара
YASAWI STARTUP – 7-ші ағымға ресми түрде тіркелу басталды!
Ғылым қоры «Венчурлық инвестициялар. Бизнесіңізді кеңейту үшін қаржыландыруды тиімді тарту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинарға шақырады