ЗАҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Университетіміз бен ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті ( бұдан әрі – Департамент) арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді.
Құжатқа университет реткоры Жанар Темірбекова мен Департамент бастығының міндетін атқарушы Аян Ақбердиев қол қойды.
Келісімнің мақсаты – AI-Jan әлеуметтік бағыттағы цифрлық платформасын өңірлік деңгейде дамыту және Түркістан қаласының орта мектептері мен колледждеріне енгізу арқылы кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің, психологиялық қысымның, девиантты мінез-құлықтың және суицидтік тәуекелдердің алдын алу саласында Тараптардың өзара ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
Басқосуда ректор Жанар Темірбекова университетіміздің кез келген мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен ашық, жүйелі әрі нәтижелі әріптестікке дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ университетте жаңа, сапалы және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыра алатын мықты әрі кәсіби команда қалыптасқанын ерекше жеткізді.
Тараптар алдағы уақытта жоба аясында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға, тәжірибе алмасуға, әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсетуге уағдаласты.
Меморандум шеңберінде цифрлық шешімдерді енгізу, профилактикалық жұмыстарды күшейту және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіледі.
Бұл әріптестік – балалардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға және өңірде тұрақты профилактикалық механизмдерді қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Айта кетейік, AI-Jan жобасы университеттің Коммерцияландыру офисі тарапынан жүзеге асырылатын YASAWI STARTUP бағдарламасы аясында әзірленіп, бүгінде практикалық деңгейде енгізіліп отыр.
Жобаны іске асыруда Коммерцияландыру офисі толық кураторлық және әдістемелік сүйемелдеу жүргізіп, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Авторлық және сабақтас құқықтарды, тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштер мен тауар шығарылған жердің атауларын құқықтық қорғау
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) V Жазғы мектебі 2026 жылғы
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!
«Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы үлгілерді құқықтық қорғауды реттейтін заңнамалық негіздер»тақырыбында өтетін іс-шара
YASAWI STARTUP – 7-ші ағымға ресми түрде тіркелу басталды!
Ғылым қоры «Венчурлық инвестициялар. Бизнесіңізді кеңейту үшін қаржыландыруды тиімді тарту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинарға шақырады