УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «AI STARTUP HUB» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОФИСІ АШЫЛДЫ
Бүгін университетімізде цифрландыру және жасанды интеллект негізіндегі жобаларды әзірлеуге бағытталған «AI STARTUP HUB» инновациялық офисі ашылды.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау бойынша бастамасы аясында іске асты.
AI STARTUP HUB инновациялық офисі – университетте цифрландыру, жасанды интеллект негізіндегі жобаларды әзірлеу, инновациялық кәсіпкерлік экожүйесін дамыту және стартаптарды қолдауға бағытталған орталық. Офис оқу орнының Өкілетті Кеңесі тарапынан қаржыландырылып, жабдықталды.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров, Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Аян Акбердиев, Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, университет ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі м.а Нажи Генч, басқа да жауапты тұлғалар қатысты.
Жаңа кеңседе AI-Jan жобасын өңірлік деңгейде енгізу бойынша ведомствоаралық меморандумға қол қою рәсімі де өтті. Меморандумға жоғарыда аталған мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымының басшылары қол қойып, жобаны өңірде бірлесіп іске асыруға уағдаласты.
AI-Jan – білім беру ұйымдарындағы буллинг, психологиялық қысым, әлеуметтік оқшаулану, құқықбұзушылық тәуекелдері мен суицидтік қауіптерді ерте анықтауға арналған профилактикалық цифрлық платформа.
Авторлық және сабақтас құқықтарды, тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштер мен тауар шығарылған жердің атауларын құқықтық қорғау
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) V Жазғы мектебі 2026 жылғы
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!
«Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы үлгілерді құқықтық қорғауды реттейтін заңнамалық негіздер»тақырыбында өтетін іс-шара
YASAWI STARTUP – 7-ші ағымға ресми түрде тіркелу басталды!
Ғылым қоры «Венчурлық инвестициялар. Бизнесіңізді кеңейту үшін қаржыландыруды тиімді тарту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинарға шақырады