Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Demo Day

 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Коммерцияландыру офисінің ұйымдастыруымен YASAWI STARTUP инкубациялық бағдарламасы аясында 8-ші ағымның қорытындысы бойынша Demo Day іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.

 Іс-шараның негізгі мақсаты — Startup бизнес-инкубациялық бағдарламасына қатысушылардың 12 апта бойы әзірлеген инновациялық жобаларын сарапшылар мен қонақтар алдында таныстыру. Demo Day барысында қатысушылар өздерінің стартап жобаларын ұсынып, бизнес-модельдері, даму стратегиялары мен нарықтық мүмкіндіктері жөнінде баяндама жасады.

 Бағдарлама аясында жас кәсіпкерлер мен стартап командалар тәлімгерлік қолдау алып, жобаларын дамыту бағытында тәжірибе жинақтады. Сарапшылар тарапынан ұсыныстар беріліп, үздік бастамаларды алдағы уақытта коммерцияландыру мүмкіндіктері талқыланды.

 Аталған іс-шара студенттердің кәсіпкерлік экожүйесін дамытуға, инновациялық идеяларды қолдауға және жастардың бизнеске деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.