Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Түркі елдерінің білім министрлеріне университеттің иновациялық жобалары таныстырылды

 Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім беру министрлерінің IX отырысы аясында университетіміздің ғалымдары әзірлеген жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға негізделген инновациялық жобалар таныстырылды.

Көрмені ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары Шынар Ақпарова, Түркия Республикасының Ұлттық білім министрі Юсуф Текин мен Жоғары білім кеңесінің төрағасы Ерол Өзвар, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Әзербайжан Республикасының ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, Қырғыз Республикасының білім министрі Догдуркул Кендирбаева мен ғылым, жоғары білім және инновациялар министрінің орынбасары Дұрыс Көзүев, Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің бірінші орынбасары Сардор Раджабов пен өзге де делегация мүшелері тамашалады.

 Ұсынылған жобалардың қатарында мемлекеттік сатып алулардағы тәуекелдерді анықтауға арналған «BAQYLAY.KZ» платформасы бар. Аталған жүйе сатып алу үдерістерін талдау арқылы ықтимал тәуекелдерді анықтап, шешім қабылдау тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған «AI-Jan» цифрлық экожүйесі көпшілік назарына ұсынылды. Жоба жасанды интеллект технологиялары арқылы білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға Инвестициялық жобаларды басқару мен мониторинг жүргізуге арналған «IN-MAP» ақпараттық жүйесі де таныстырылды. Платформа инвестициялық бастамаларды бақылау және олардың орындалу тиімділігін бағалауға арналған. Бұдан бөлек, қатысушылар Ботаникалық бақтың цифрлық егізі (Digital Twin) жобасымен танысты. Жоба экологиялық мониторинг жүргізу және өсімдіктердің жай-күйін талдау бағытында цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетеді.

 Медицина саласына арналған «MEDAI» интеллектуалды жүйесі де ерекше қызығушылық тудырды. Аталған жүйе рентгендік зерттеулерді талдау арқылы дәрігерлердің шешім қабылдау процесін қолдауға бағытталған.