Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

FMPC Uzbekistan 2026 халықаралық симпозиум

Университетіміздің профессоры Жұмабаев Уәлихан Ағабекұлы «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру конкурсына «Общепит-Маңғыстау» ЖШС-мен бірлесіп ұсынған «Диабеттік тамақтануға арналған “Inullact-Fito” арнайы қышқыл сүт өнімін өндіру технологиясын коммерцияландыру» жобасы аясында әзірленген өнімді таныстыру және тәжірибе алмасу мақсатында FMPC Uzbekistan 2026 халықаралық симпозиумына қатысты.

Симпозиум барысында ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген инновациялық технология мен оның негізінде шығарылатын өнім көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар тарапынан аталған әзірлеменің диабеттік тамақтану саласындағы өзектілігі, практикалық маңыздылығы, әлеуметтік әсері және нарықтағы коммерциялық әлеуеті жоғары бағаланып, жан-жақты талқыланды.

 Іс-шара аясында ғылыми әзірлемелерді өндірістік секторға енгізу тетіктері, инновациялық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары, сондай-ақ олардың халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктері бойынша тәжірибе алмасу және кәсіби пікірталастар ұйымдастырылды.