ҒАЛЫМДАРЫМЫЗДЫҢ ЕКІ ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ 500 МЛН ТЕҢГЕЛІК ГРАНТ ИЕЛЕНДІ
ҒАЛЫМДАРЫМЫЗДЫҢ ЕКІ ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ 500 МЛН ТЕҢГЕЛІК ГРАНТ ИЕЛЕНДІ
Ахмет Ясауи университетінің ғылым саласындағы жетістіктері тағы бір маңызды нәтижемен толықты. Университет ғалымдары зерттеген екі ғылыми жоба «Ғылым қоры» АҚ жариялаған 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанып, жалпы көлемі 500 миллион теңге болатын гранттық қаржыландыруға ие болды.
Жеңімпаз атанған жобалардың бірі – «Түйе сүтінен экспортқа бағдарланған диабеттік өнімді өндірудегі инновациялық технологияны коммерцияландыру» жобасы.
Жоба авторлары – биология ғылымдарының докторы, профессор Жұмабаев Уалихан және магистр Оразбаева Орынкүл.
Өтінім беруші – Ахмет Ясауи университеті.
Грант алушы/Өнеркәсіптік серіктес – «Общепит Мангистау» ЖШС.
Аталған жоба түйе сүті (шұбат) негізінде дәрілік өсімдіктердің табиғи экстракттарымен байытылған, қант диабетінің алдын алуға және дұрыс тамақтануды қолдауға арналған функционалды биойогурт өндіру технологиясын өнеркәсіптік деңгейде енгізуге бағытталған.
Конкурс жеңімпазы атанған екінші жоба – «Тазалығы жоғары электролиттік марганецті алу технологиясын өнеркәсіптік деңгейде енгізу және коммерцияландыру». Бұл жоба электрохимиялық сілтісіздендіру технологиясы негізінде марганец кенінен жоғары тазалықтағы электролиттік марганец өндірудің өнеркәсіптік технологиясын енгізуді көздейді.
Жоба авторлары – PhD, қауымдастырылған профессор Махамбетов Арман, химия ғылымдарының кандидаты Гаипов Түлкинжан және PhD, қауымдастырылған профессор Мырзабеков Бегзат.
Өтінім беруші – Ахмет Ясауи университеті.
Грант алушы/Өнеркәсіптік серіктес – «KazFerroGroup» ЖШС.
Айта кетейік, жобалар оқу орнымыздың Коммерцияландыру офисінің үйлестіруімен дайындалған. Ғылыми зерттеулердің өндіріспен ұштасуы жаңа технологиялардың дамуына, экспорттық әлеуеттің артуына, жоғары қосылған құны бар өнімдердің шығарылуына және еліміздің ғылыми-инновациялық экожүйесінің нығаюына ықпал етеді.
Университет ұжымы атынан гранттық қаржыландыру конкурсында жеңімпаз атанған ғалымдарымызды шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми ізденістеріне толағай табыс тілейміз!
Авторлық және сабақтас құқықтарды, тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштер мен тауар шығарылған жердің атауларын құқықтық қорғау
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) V Жазғы мектебі 2026 жылғы
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!
«Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы үлгілерді құқықтық қорғауды реттейтін заңнамалық негіздер»тақырыбында өтетін іс-шара
YASAWI STARTUP – 7-ші ағымға ресми түрде тіркелу басталды!
Ғылым қоры «Венчурлық инвестициялар. Бизнесіңізді кеңейту үшін қаржыландыруды тиімді тарту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинарға шақырады