Хабарландырулар

shape
shape
Іс-шаралар
Blog Image

Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Хүсейін Караман Коммерцияландыру офисінің стартап бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, олардың нәтижелерін бағамдады.

Оқу орнымыздың Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Хүсейін Караман Коммерцияландыру офисінің стартап бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, олардың нәтижелерін бағамдады. Кездесу барысында стартап жобалардың қазіргі жағдайы, даму бағыттары және қол жеткізген жетістіктері баяндалды.

Сонымен қатар жүзеге асырылып жатқан инновациялық жобалар, жас кәсіпкерлерді қолдау тетіктері және алдағы жоспарлар талқыланды. Профессор, доктор Хүсейін Караман ұсынылған бастамаларға оң бағасын беріп, университеттегі стартап экожүйесін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.

Университетіміз тың идеясы мен бастамасы бар студенттерге өз жобаларын жүзеге асырып, көпшілікке танытуға жан-жақты мүмкіндік беруде. Коммерцияландыру офисі студенттердің идеясын нақты жобаға айналдыруға, оны дамытуға және нарыққа шығаруға қолдау көрсетеді. Жастардың инновациялық бастамаларын жүзеге асыру үшін оқу орнымызда барлық қажетті жағдай жасалған.