№9 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Басқосу әдеттегідей университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын мерейтойларымен құттықтау рәсімімен бастау алды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқытушысы Саттарбек Махатұлын 70 жас мерейтойымен, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің доценті Мариям Ботайқызын 60 жас, ал «Тұран» баспаханасының жетекші маманы Жанар Амангелдіқызын мерейлі 50 жасымен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.
Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Еділ Төлегенов 2024-2025 оқу жылына қабылданатын білімгерлер контингентін жоспарлау туралы және 2024-2025 оқу жылына ақылы негізде қабылданатын білімгерлер үшін оқу төлем ақысы жайлы баяндады.
Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту, РОӘК-не Гриф алуға және баспаға ұсыну, Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізу, Сенат шешімдерінің орындалуы, Білім беру бағдарламасын ББ реестірінен шығару туралы және т.б маңызды мәселелер қаралды.
«Инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландыру» онлайн-воркшопы
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!
«Қазақстан Республикасындағы өнертабыстар мен пайдалы үлгілерді құқықтық қорғауды реттейтін заңнамалық негіздер»тақырыбында өтетін іс-шара
YASAWI STARTUP – 7-ші ағымға ресми түрде тіркелу басталды!
Ғылым қоры «Венчурлық инвестициялар. Бизнесіңізді кеңейту үшін қаржыландыруды тиімді тарту жолдары» тақырыбында онлайн-вебинарға шақырады